Өскеменде «Мамандық Pro-Fest 2026» бос жұмыс орындары мен мамандықтар жәрмеңкесі өтеді

Өскеменде «Мамандық Pro-Fest 2026» бос жұмыс орындары мен мамандықтар жәрмеңкесі өтеді

15 мамыр күні сағат 10:30-да «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында «Мамандық Pro-Fest 2026» бос жұмыс орындары мен мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Іс-шараға өңірдің 140 жұмыс берушісі қатысады.

Сіздерді:

  • бос жұмыс орындары мен жұмыс берушілермен сұхбаттасу;
  • оқу орындары мен жұмыс берушілердің таныстырылымдары;
  • шеберлік сабақтары мен VR-оқыту;
  • грант алушылар көрмесі;
  • концерттік бағдарлама күтеді.

Жәрмеңке жұмысқа орналасуға, кәсіби дамуға және болашақ мамандықты таңдауға жаңа мүмкіндіктер алаңына айналады.