Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!

Құрметті өскемендіктер және қала қонақтары!

Сіздерді 2026 жылғы 9 мамыр күні өтетін Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шараларға шақырамыз!

«Жеңіс» (Стрелка) мемориалдық кешенінде ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты рәсім өтеді.

Іс-шара бағдарламасы:

10:00 – театрландырылған қойылым және «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімі

11:00 – Жеңіс күніне арналған мерекелік күндізгі концерт

18:00 – мерекелік кешкі концерт

20:00-де баршаңызды «Өз шырағыңды жақ» акциясына қатысуға шақырамыз.

Биыл 7 199 шам жағылады - әрқайсысы бір тағдырды, бір ерлікті бейнелейді.

21:00-де «Жеңіс» (Стрелка) мемориалдық кешен аумағында отшашу өтеді.

Келіңіздер, батырларды бірге еске алып, ерлікті дәріптеп, тарихты бірге сақтайық!