2026 жылы «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтеді!

2026 жылы «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтеді!

Басталу күні: 2026 жылғы 18 сәуір
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай ұйымдастырылады

Аталған акция Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акция бастамасы шеңберінде жүзеге асырылады. Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық Альянс» ЗТБ-ның «Madenietti Mura» жобасы негізінде, сондай-ақ «Тарихи-мәдени мұра» КММ өкілдері мен волонтерлік жобалар үйлестірушілерінің қатысуымен өткізіледі.

Барлық өңірлерде тарихи-мәдени нысандарды тазалау және абаттандыру бойынша волонтерлік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Құрметті қала тұрғындары, ұйымдар мен кәсіпорындар өкілдері, шағын және орта бизнес субъектілері!
Сіздерді жалпықалалық сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырамыз.

Аулаларда, дүкендер мен бизнес нысандары маңында, сондай-ақ іргелес аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, қаламыздың көркеюіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Сенбіліктер әр сенбі сайын 30 мамырға дейін жалғасады.

Тазалық — баршамызға ортақ іс. Қаламызды бірге көркейтейік!

Сіздің белсенділігіңіз — таза әрі әсем болашаққа қосқан үлесіңіз!