Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Наурыз мейрамы аясында сіздерді кең ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!

Өтетін орны: «Алтай» ОРЦ аумағы (Жібек жолы көшесі, 44)
Күні: 21 наурыз
Уақыты: 08:00–15:00

Жәрмеңкеде сіздерді күтіп тұр:

  • жаңа әрі табиғи ауыл шаруашылығы өнімдері
  • жергілікті өндірушілердің тауарлары
  • ет және сүт өнімдері
  • ұлттық тағамдар және Наурыз көже дайындауға қажетті барлық өнімдер

Сапалы өнімдерді тиімді бағамен сатып алып, мерекелік көңіл күйді сезінуге тамаша мүмкіндік!