
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қазіргі уақытта азаматтарды интернет арқылы алдаудың түрлі тәсілдерін қолданатын алаяқтардың белсенділігі байқалуда.
Қаскөйлер белгілі компаниялар мен инвестициялық платформаларды имитациялайтын фишингтік сайттар құрып, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жалған инвестициялық ұсыныстар таратуда. Кейбір жағдайларда азаматтардың қаражатын иемдену мақсатында заманауи технологияларды қолдана отырып жасалған танымал тұлғалардың қатысуымен жалған суреттер мен бейнематериалдар пайдаланылуда.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде инвестиция нәтижесінде жоғалған қаражатты қайтару туралы жалған хабарландырулар да таралуда. Іс жүзінде мұндай ұсыныстар алаяқтардың зардап шеккен азаматтардың қаражатын қайтадан иемденуге бағытталған кезекті схемасы болып табылады.
Алаяқтықтың алдын алу мақсатында азаматтарға мыналар ұсынылады:
Алаяқтық фактілері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгініп, қызмет көрсететін банкті хабардар ету қажет.
Естеріңізде болсын: алаяқтар адамдардың сенімін пайдаланады. Сақ болыңыз және өзіңізді алдауға жол бермеңіз.