KEGOC АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалының электр жеткізу желілері стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандары болып табылады

KEGOC АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалының электр жеткізу желілері стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандары болып табылады

KEGOC АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалының электр жеткізу желілері стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандары болып табылады. Әуе электр жеткізу желілерінің (ӘЖ) күзет аймақтарында ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу, шөп және дәнді дақыл қалдықтарын жинау, тасымалдау, сақтау және өртеу кезінде ҚР қолданыстағы заңнамаларын қатаң сақтау қажет.

Сымдардың үзілуі, тіректердің құлауы электр энергиясының ажырауына, ірі материалдық шығындарға және адамдардың өміріне қауіп төндіреді. ӘЖ элементтерін (темірбетон тіректер, металл конструкциялар және т.б.) ұрлау – айыппұл салумен қатар, қылмыстық жауапкершілікке және бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін. Мұндай әрекеттер өңір тұрғындарын және маңызды нысандарды тұрақты электрмен жабдықтауға қауіп төндіреді.

Электр желілеріне ұйымдардың немесе лауазымды тұлғалардың кінәсінен залал келтірілген жағдайда, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының барлық шығындары белгіленген тәртіппен толық көлемде кінәлі тараптың есебінен өтеледі.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

302-бап. Электр желілерін бүлдіру

  • 1000 В дейінгі желілерді бүлдіру – жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салынады.
  • 1000 В жоғары желілерді бүлдіру – айыппұл мөлшері жоғары.
  • Егер әрекет электрмен жабдықтауда іркіліс туғызса, залал келтірсе немесе бір жыл ішінде қайталанса – айыппұл мөлшері едәуір ұлғаяды.

305-бап. Күзет аймақтарында жұмыстар жүргізу
Электр желілері иесінің келісімінсіз күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсіру, іздестіру жұмыстары, материал жинау, қоршау салу, жанар-жағармай төгу және өзге де жұмыстар жүргізуге тыйым салынады. Бұзушылық үшін айыппұл қарастырылған.

Күзет аймақтарын белгілеу қағидалары (2017 ж. №330 бұйрық)

Электр желілерінің күзет аймағы – желілердің сақталуын, қауіпсіз пайдаланылуын және жазатайым оқиғалардың алдын алуды қамтамасыз ету үшін белгіленген жер, су және әуе кеңістігі.

Әуе желілері үшін күзет аймақтары:

  • 1 кВ дейін – 1–2 м
  • 1–20 кВ – кемінде 10 м
  • 35 кВ – кемінде 15 м
  • 110 кВ – кемінде 20 м
  • 220 кВ – кемінде 25 м
  • 330–500 кВ – кемінде 30 м
  • 1150 кВ – кемінде 55 м
    Су айдындары арқылы өтетін желілер үшін: кеме жүзетін су қоймаларында – 100 м.

Күзет аймақтарында:

  • Ауыл шаруашылығы жұмыстарын бастардан кемінде 3 күн бұрын желі иесін жазбаша хабарлау қажет.
  • Жұмыстар тек жазбаша келісіммен жүргізіледі.
  • Электр желілеріне кіру жолдары сақталуы тиіс.
  • Қауіп төнген жағдайда жұмыстар тоқтатылады.
  • Желілерге келтірілген залал толық көлемде өтеледі.

Электр желілерінің қауіпсіздігін сақтау – тұрғындардың өмірі мен өңірдің тұрақты электрмен жабдықталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты.