
«Өскемен қаласы әкімінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 2 «Өскемен қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы жобасына баспасөз релизі
Өскемен қаласы әкімінің «Өскемен қаласы әкімінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 2 «Өскемен қаласы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңының 65-бабының 3 тармағына сәйкес әзірленді.
Осы шешімді қабылдаудың негізгі мақсаты қаланың сайлау учаскелері туралы деректерді өзектендіру болып табылады. Өзгерістер сайлау учаскелері шекараларының сипаттамасын нақты тұрғын үй қорына және жаңа құрылыстарға сәйкес келтіруге, сондай-ақ қала тұрғындарының сайлау процестеріне қатысуы үшін барынша қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғайтуды және түсімдерінің ұлғайтуды көздемейді. Реттеушілік әсерді талдау жүргізу қажет емес.
Шешім жобасы Өскемен қаласы әкімдігінің сайтында «Құжаттар» бөлімінде орналастырылды