Тегін кітаптар» — қауіпті аяқталым

Тегін кітаптар» — қауіпті аяқталым

Соңғы уақытта Telegram мессенджерінде алаяқтар жаңа кибералаяқтық тәсілді белсенді түрде қолданып жатыр. Олар өздерін тегін электронды кітапхана ретінде таныстырып, пайдаланушыларға зиянды файлдарды жүктетуде.

Алаяқтардың негізгі мақсаты — азаматтардың жеке деректеріне, қаржылық мәліметтеріне және смартфондағы жеке ақпараттарына заңсыз қол жеткізу.

Алаяқтық схемасы келесідей жүзеге асады:

•Пайдаланушыға «шектеусіз үлкен кітапханаға қолжетімділік» туралы хабарлама жіберіледі;

•Кітап сұралғаннан кейін бот оның қысқаша сипаттамасын ұсынады;

•Кітаптың орнына «арнайы қосымша» түріндегі файл (.apk) жіберіледі;

•Аталған файлды орнату арқылы құрылғыға зиянды бағдарлама енгізіледі.

 

Мұндай әрекеттердің салдары өте қауіпті болуы мүмкін:

•банк карталары мен электронды әмияндардан қаражаттың ұрлануы;

•хат-хабарлар, фотосуреттер және жеке файлдарға қолжетімділік;

•смартфонды қашықтан басқару мүмкіндігі;

•жеке деректердің толық жоғалуы немесе бөгде тұлғалардың қолына өтуі.

 

Маңызды ақпарат:

Ресми емес дереккөздерден қосымша жүктеу — құрылғы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.

Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке сақтық — алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы.

 

Күдікті сілтемелерге өтпеңіз

Белгісіз файлдарды орнатпаңыз

Ақпаратты жақындарыңызбен бөлісіп, оларды алдын ала ескертіңіз

 

Дереккөз:

Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы

 

Цифрлық қауіпсіздік — әр азаматтың жеке жауапкершілігі.