2027 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет»

2027 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет»

2026 жылғы 20 қаңтардан бастап 1 наурыз аралығында - тұрғындардан 2027 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша жобалық ұсыныстар жинау жүзеге асырылды.

Тұрғындар қала әкімдігі аппаратының ресми сайтында, «Халық қатысатын Бюджет 2027» бөлімінде өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Ұсыныстарды қабылдау, дауыс беру және өтінімдерді қарау жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдері ресми сайтта «Халық қатысатын Бюджет 2027» бөлімінде жарияланатын болады.

Облыстық маңызы бар бюджет қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

1) ортақ пайдалану объектісі;

2) тиісті аумақтардың тұрғындар үшін өзектілігі;

Бұл ретте оларды бір жыл ішінде іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.

Дауыс беруге рұқсат етілмеген жобалық ұсыныстар:

1) тұтас емес, бірақ фрагменттік сипаты бар (элементтердің бірін орындау болашақта қосымша элементтерді  іске асыруды талап етеді);

2) тиісті елді мекеннің даму басымдықтарына сәйкес келмейді;

3) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейді.

4) тиісті елді мекеннің құрамдас бөліктерінде ұқсас іске асырылған жобалары бар.

Халық қатысатын бюджет шеңберінде  дауыс беруге және келесі іс-шаралар жүзеге асырылуда:

1) аумақты көгалдандыру;

2) тротуарларды жайластыру;

3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

4) ортақ пайдалану орындарын (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;

5) бордюрларды, төсемтастарды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

9) санитарияны қамтамасыз ету.

Беру сәтіндегі бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны облыстық маңызы бар қала үшін ағымдағы жылғы арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (64 875,0 мың теңге) он бес мың еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

 

Анықтама: Халық қатысатын бюджет шеңберіне  келесі жұмыс түрлері кірмейді.

- Жолдарды шұңқырлы жөндеу;
- Жолдарды қиыршық таспен толтыру;
- Жолдарды орташа жөндеу