
11 қаңтар
08:00–17:00 аралығы
Есенберлин даңғылы бойында (Жайлы мектеп маңында) салынып жатқан жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс жұмыстарына байланысты жол қозғалысының схемасы уақытша өзгертіледі.
Шектеу енгізілетін аумақ:
Есенберлин даңғылы — Өтепов көшесінен Меновное кентіне апаратын айналма жолға дейін.
Көлік қозғалысы қосалқы жолдар мен балама бағыттар арқылы ұйымдастырылады.
Аталған аумақта уақытша жол белгілері орнатылып, қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Жүргізушілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше өзге бағыттарды таңдауды сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!