
2026 жылғы 5 қаңтардан бастап Өскемен қаласында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясы іске қосылды.
Акция мерзімі:
5 қаңтар – 30 маусым 2026 жыл
Бағдарлама аясында кәсіпкерлерге бухгалтерлік және салықтық есеп, сондай-ақ ақпараттық жүйелермен жұмыс бойынша тегін практикалық кеңестер көрсетіледі.
Кеңес беру форматы:
Негізгі қабылдау — Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында (Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат).
Облыстың басқа өңірлеріндегі салық төлеушілер үшін бейнеқоңырау арқылы кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған: 87711238084.
Кеңес беру кестесі:
▪️ Қаңтар–ақпан — аптасына 3 рет
▪️ Наурыздан бастап — аптасына 2 рет
Кеңесті кәсіби бухгалтерлер, аудиторлар және мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі мамандары береді.
«Халық есепшісі» — салық төлеушілерге сервистік қолдауды күшейтуге бағытталған маңызды жоба.