Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің қаулы жобасына пресс-релиз

Шығыс Қазақстан облысы  Өскемен қаласы әкімдігінің қаулы жобасына  пресс-релиз

Өскемен қаласы әкімдігі«Өскемен қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерге лифтілерді жөндеу және ауыстыруға, күрделі жөндеу жүргізуге байланысты пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ақшалай қаражаттарының қайтарымдылығын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы»қаулы жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының:«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Аталған нормативтік құқықтық акт Өскемен қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерге лифтілерді жөндеу және ауыстыруға, сондай-ақ күрделі жөндеу жүргізуге байланысты пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері салған ақшалай қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәртібін реттеуге бағытталған.

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау жергілікті бюджеттен шығыстардың ұлғаюын және бюджетке түсімдердің артуын көздемейді, осыған байланысты реттеушілік әсерді талдау жүргізу қажет етілмейді.

Қаулы жобасы көпшілік талқылау үшін:

«Электрондық үкімет» порталындағы «Ашық НҚА» бөлімінде

https://legalacts.egov.kz/

Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Құжаттар» бөлімінде

https://www.gov.kz/memleket/entities/vkooskemen/documents/details/935903?lang=kk орналастырылды.

Өскемен қаласының әкімі А. Акышов