"Құқық кабинетінің" жұмысы туралы

"Құқық кабинетінің" жұмысы туралы

«Құқық кабинеті» - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы«2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» № 899 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 17 мекенжайы бойынша орналасқан "Өскемен қаласы әкімінің аппараты" ММ ғимаратында, Халыққа қызмет көрсету орталығында, "EGOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында "Құқық кабинеті" жұмыс істейді.

Жұмыс кестесі сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін жұмыс күндері.

Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған.