Достар, қаламыздың ең керемет екенін баршаға көрсететін уақыт келді!

Достар, қаламыздың ең керемет екенін баршаға көрсететін уақыт келді!

Өскеменде «Жердегі ең үздік қала» атты қалалық бейнероликтер байқауы басталды.

Бұл байқау 35 жасқа дейінгі жастарға арналған. Егер қатысушы өз қаласын сүйсе, оның дамуына үлес қосуды қаласа және қала туралы әлемге айтқысы келсе — ол байқауға қатыса алады.

Қатысу шарттары:
Байқау ережесімен танысу
Қатысушы сауалнамасын толтыру
Өз бейнеролигін түсіріп, мына электронды поштаға жіберу: adjk.ukg@yandex.kz

Байқау қорытындысы 31 қаңтарда жарияланады.

Қатысушылар туған қаласына деген мақтанышын бейнеролик арқылы жеткізе алады!