«Қазгидромет» РМК ШҚ филиалының мәліметінше, 22 қарашада өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

«Қазгидромет» РМК ШҚ филиалының мәліметінше, 22 қарашада өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

«Қазгидромет» РМК ШҚ филиалының мәліметінше, 22 қарашада өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі:

 

Түнде – жаңбыр, қар, облыстың солтүстігі мен шығысында – қатты қар.

Күндіз – облыстың оңтүстігі мен шығысында қар.

Төменгі боран, көктайғақ, солтүстік-батыстан және солтүстіктен соққан желдің екпіні 15–20 м/с.

Өскемен қаласында түнде және таңертең – көктайғақ.

 

Жолға абай болыңыз!

 

Мүмкіндігінше алыс жолға шықпаңыз.

Егер шығуға тура келсе, өзіңізбен бірге мыналарды алыңыз: арқан, күрек, әйнек тазалағыш, жанармай қоры, шамдар, жылы киім, телефон, толық зарядталған powerbank, фонарь, тамақ, ыстық шайы бар термос және көзге бірден түсетін мата.

 

Жолға шығар алдында «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы жол жағдайын нақтылаңыз. Жолда мүмкіндігінше байланысқа шығып, қай жерде екеніңізді хабарлап отырыңыз.

 

Көлік жүргізушілеріне:

•жылдамдықты асырмаңыз,

•қашықтықты сақтаңыз,

•тайғақ жолда өте мұқият болыңыз.

 

Жаяу жүргіншілерге:

•шатыр материалдары құлауы мүмкін ғимарат қабырғаларының жанында тұрмаңыз;

•ағаштардың, электр желілерінің, жарнама тақталары мен аялдамалардың астында тұрмаңыз;

•көліктеріңізді ағаштардың және әлсіз бекітілген құрылыстардың жанына қоймаңыз.

 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!