Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Осы аптаның 15 қарашасы, сенбі күні Өскемен қаласында бес ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді!

Өтетін орындар:
• КСО «Алтай», Жібек жолы көшесі, 44 — «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Күршім ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
• «ДосНар» сауда үйі, Виноградов көшесі, 17а
• «Теміржолшылар саябағы», Защита шағынауданы, Тынышпаев көшесі, 122
• «Керуен» сауда үйі, Өтепов көшесі, 3 (ЖМК ауданы)
• «Валентина» сауда үйі, Б.Шаяхметов көшесі, 13 (Согра ауданы)

Жәрмеңкелердің жұмыс уақыты: 8:00–15:00

Сатылымға қой, сиыр, жылқы және шошқа еті, сүт өнімдері, бал, көкөністер мен жемістер, сондай-ақ басқа да табиғи өнімдер шығарылады.

Жергілікті өнім — сапа мен дәмнің кепілі!
Келіңіздер, отандық өндірушілерді қолдайық! 

#Өскемен #Жәрмеңке