Өскемен қаласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Жылдың үздік кәсіпкері» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерді қолдауға бағытталды.
Өскемен қаласында өткен салтанатты шарада өңірдің экономикалық өсіміне және жаңа жұмыс орындарын ашуға зор үлес қосқан кәсіпкерлер мен кәсіпорындар марапатталды.
Кәсіпкерлерді қаламыздың дамуы мен өркендеуіне қосқан үлестеріне орай әр түрлі саладағы номинациялар бойынша марапаттау болды, атап айтқанда:
* Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер:
Абдулдин Айдар Альмурзаевич – «УКА ТРУБТЕХ» ЖШС;
Ковальчук Анжелика Петросовна – «Hayman Factory» ЖШС;
Тынысбеков Асет Тынысбекұлы – «МSK Group KZ» ЖШС.
* Үздік кәсіпкер - әйел:
Бегалинова Жанар Қайырбекқызы – «Айлин» ЖК;
Курманбаева Альмира Сайпитиновна – ЖК;
Куатбекова Мейрамгүл Есентайқызы – ЖК.
* Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын:
Жұманбек Мұхтар Наркенұлы – «Tatty Өмір» ЖШС;
Виноградова Ольга Анатольевна – «Евромед» ЖШС;
Сейтқазина Назым Шайқуалиханқызы – «Радмир и Рамир» ЖШС.
* Үздік жас кәсіпкер:
Линейцев Роман Александрович – Grand Games технологиялық холдингінің негізін қалаушы және бас директоры;
Юсупов Дамир Ислямұлы – «Friends» кофеханалар желісінің иесі;
Мельс Сабина – «Moti» кофеханалар желісінің негізін қалаушы.
* Үздік креативті бизнес:
Костанянц Юрий Михайлович – «Дом музея» жобасының авторы;
Каирова Лилия Цзюньхуа – Kazakhstan Fashion Week Oskemen ұйымдастырушысы;
Алия Көңілханқызы – «Самға» балалар театрының жетекшісі.
* Құрылыс саласындағы үздік кәсіпкер:
Мусоров Вячеслав Васильевич – «ДИМ Строй» ЖШС;
Джакупбаев Аскар Алканұлы – «Восток-Асфальт» ЖШС;
Тәжібай Мағжан Ділдабекұлы – «TAZH Group Construction» ЖШС.
* Үздік инвестициялық жоба:
Сейтқазин Ержан Хапезович – «Бейбарс» кешенін реконструкциялау;
Калиева Гүлжан Толегеновна – «Estet» мейрамханасының құрылысы;
Пак Игорь Львович – «Востокмашзавод» АҚ – ірі құйма дайындайтын цехты қайта жаңғырту жобасы.
* Агроөнеркәсіп кешені саласындағы үздік кәсіпорын:
Нұрбаев Ержан Ахтанович – «Востокагрохолдинг» ЖШС;
Аксенов Сергей Иванович – «Янтарь УК» ЖШС;
Асанов Вячеслав Борисович – «Шығыс Универсал» ЖШС.
Шараға Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышов қатысып, үздік кәсіпкерлерге марапаттарды жеке өзі табыс етті.
Салтанатты рәсім жылы және іскерлік атмосферада өтіп, қала кәсіпкерлері арасында тәжірибе алмасу мен өзара ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды.