
№08 ҚҚ дауылды ескерту 2025 жылғы 10 қарашадан
2025 жылғы 10 қарашаның 20 сағ. 11 қарашаның 20 сағ. аралығы
11 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Өскемен қ.: 11 қарашада түнде қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.