«ДОСЫМ-ӨСКЕМЕН» реабилитация орталығынан акция! 

«ДОСЫМ-ӨСКЕМЕН» реабилитация орталығынан акция! 

«ДОСЫМ-ӨСКЕМЕН» орталығында қаңғыбас жануарларды тегін зарарсыздандыру және піштіру акциясы басталды!

Акция Жаңа жылға дейін (2025 ж. қараша–желтоқсан) жалғасады! 

Қаңғыбас иттер мен мысықтар — ТЕГІН

(Тек стационарда күтім мен қызметкерлердің еңбекақысын өтеу үшін шағын ақы төленеді).

Үй жануарлары мен жануарларды уақытша паналататын орындардағы (баспаналардағы) жануарлар үшін — жеңілдетілген бағамен:

  • Ит (20 кг-ға дейін) — 15 000 тг
  • Еркек ит — 10 000 тг
  • Мысық (ұрғашы) — 8 000 тг
  • Еркек мысық — 4 000 тг

Сонымен қатар орталықта остеосинтез және травматология бойынша операциялар жүргізіледі — сүйек сынуы, жарақаттар, жол апатынан кейінгі қалпына келтіру. Қажетті талдаулар (жалпы қан талдауы, рентген) болған жағдайда — тек дәрі-дәрмек пен материалдардың өзіндік құнымен есептеледі.

Барлық процедуралар алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі — әр жануарға тиісті назар мен қауіпсіз күтім қамтамасыз ету үшін.

Алдын ала жазылу және кеңес алу WhatsApp арқылы: 8777 853 03 77

Орталық еріктілерді шақырады!

Алдағы сенбіде барша ниетті жандарды стационарда көмек көрсетуге шақырамыз — тазалық жұмыстарында, жануарларды күту мен тамақтандыруда, сондай-ақ ұсақ жөндеу істерінде.

Егер сіздің жүрегіңіз мейірімге толы — сіз бізге өте қажетсіз! (Жазылу WhatsApp арқылы).

«ДОСЫМ-ӨСКЕМЕН» реабилитация орталығы**,

Өскемен қ.

Сонымен қатар орталыққа ветеринар немесе ветеринардың көмекшісі қажет — тұрақты жұмысқа, күнделікті еңбекақымен және ветеринария мен кинология саласында кәсіби дамуға мүмкіндік бар.