
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Осы аптаның 8 қарашасы, сенбі күні Өскемен қаласында бес ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді!
Өтетін орындар:
* КСО «Алтай», Жібек жолы көшесі, 44 — «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Зайсан ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
* «ДосНар» сауда үйі, Виноградов көшесі, 17а
* «Теміржолшылар саябағы», Защита шағынауданы, Тынышпаев көшесі, 122
* «Керуен» сауда үйі, Өтепов көшесі, 3 (ЖМК ауданы)
* «Валентина» сауда үйі, Б.Шаяхметов көшесі, 13 (Согра ауданы)
Жәрмеңкелердің жұмыс уақыты: 8:00–15:00
Сатылымға қой, сиыр, жылқы және шошқа еті, сүт өнімдері, бал, көкөністер мен жемістер, сондай-ақ басқа да табиғи өнімдер шығарылады.
Жергілікті өнім — сапа мен дәмнің кепілі!
Келіңіздер, отандық өндірушілерді қолдайық!