
Өскемен қаласында жастар мен жас мемлекеттік қызметшілердің құқық қорғау органдары өкілдерімен «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сананы қалыптастыру» тақырыбында кездесуі өтті.
Диалогқа әділет, экономикалық тергеу департаменттері, прокуратура, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті өкілдері қатысты. Қатысушылар жастармен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әділдік қағидаттарын нығайту мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин жастардың белсенді азаматтық ұстанымы елдің болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті.
Профессор Гүлмира Байркенова былай деді:
«Жоғары құқықтық мәдениеті бар ұрпақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін қабылдамайды. Сондықтан мұндай кездесулерді жоғары оқу орындарында тұрақты түрде өткізу қажет».
Спикерлер сондай-ақ заңдарды сақтау, ашықтық қағидаттары мен мемлекеттік қызметтегі этикалық нормалардың маңыздылығына назар аударды.
Кездесу соңында жастар мамандарға сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар мұндай ашық диалогтар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әділ қоғам қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.