
Бүгін «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында және өңірлік «Esirtkisiz Shygys» жобасы шеңберінде жастарға арналған «GRAFFITI BATTLE» байқауы ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың назарын есірткіге қарсы тақырыпқа аудару және салауатты өмір салтын насихаттау.
Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар таңдаған қабырғаларға өз туындыларын салды — барлығы қала бойынша төрт локация белгіленді.
Байқаудың ұйымдастырушылары – Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Өскемен қаласының әкімдігі және облыстық прокуратура.
Байқау аяқталған соң, «Жұлдыз» өнер мектебінің ұстаздары мен құрметті суретшілерінен құралған комиссия барлық локацияларды аралап, қатысушылардың жұмыстарын бағалайды.
Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.