
31 қазан күні еліміздің барлық ірі қалаларында бір мезгілде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді!
Егер сізде құқық саласына қатысты сұрақтар болса және кәсіби кеңес алғыңыз келсе — еліміздің үздік мамандарынан тегін құқықтық көмек алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
«Халық заңгері» — мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші заңгерлер мен адвокаттар халыққа тегін құқықтық көмек көрсететін кең ауқымды әлеуметтік жоба.
Ұйымдастырушылар:
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, Параграф ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы және еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары.
Өтетін орындар: «ADK» және «MAXI MALL» сауда-ойын-сауық орталықтары
Басталу уақыты: 17:00
Барлық азаматтарды кәсіби заңгерлердің тегін кеңесіне шақырамыз