Назар аударыңыз, автокөлік жүргізушілері! Алаяқтар қауіп төндіруде!

Назар аударыңыз, автокөлік жүргізушілері! Алаяқтар қауіп төндіруде!

Құқықтық статистика комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы ескертеді:

дүние жүзінде жаңа киберқатер — жол ережесін бұзғаны үшін жалған айыппұлдар таратылуда.

Алаяқтар жүргізуші туралы деректермен, көлік нөмірімен және «айыппұл төлеу» сілтемесімен хаттар мен хабарламалар жібереді.

 

Іс жүзінде бұл — фишингтік шабуыл: банк картаңыздың деректерін енгізсеңіз, ақшаңызды толық жоғалту қаупі бар. Кейбір сілтемелер жеке деректерді ұрлайтын вирустарды қамтиды.

 

Бұл шабуылдар АҚШ пен Ресейде тіркелген, Қазақстанда таралу қаупі өте жоғары!

 

Есіңізде болсын:     

Ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді және төлем сілтемесін қамтымайды;

Айыппұлды тек egov.kz, qamqor.gov.kz сайттарынан немесе банктердің мобильді қосымшаларынан тексеріңіз.

 

Егер сілтеме арқылы өтіп қойсаңыз:

Картаны дереу бұғаттаңыз;

Банкке және 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз;

Құрылғыны вирусқа тексертіңіз.

 

Деректеріңізді қорғаңыз! Жақындарыңызды ескертіңіз!