Жеңілдікті ипотека: жылу және сумен жабдықтау саласы қызметкерлеріне арналған бағдарлама басталды

Жеңілдікті ипотека: жылу және сумен жабдықтау саласы қызметкерлеріне арналған бағдарлама басталды

Жеңілдікті ипотека: жылу және сумен жабдықтау саласы қызметкерлеріне арналған бағдарлама басталды

2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ШҚО-да коммуналдық сала қызметкерлерін қолдау мақсатында жеңілдікті ипотекалық бағдарлама іске қосылды.

Бағдарлама жылумен және сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін коммуналдық кәсіпорындар мен табиғи монополия субъектілерінің қызметкерлеріне арналған.

 

Өтінімдер қабылдау мерзімі:

2025 жылғы 13 қазаннан 24 қазанға дейін

Мекенжай: Өскемен қ., К. Либкнехт көшесі, 19, 2-қабат

Байланыс: Бауыржанова Гүлназ Бауыржанқызы

Тел.: 8 (7232) 701-235, 8 (705) 281-19-00

 

Несиелеу шарттары:

Бастапқы жарна – 10%

Сыйақы мөлшерлемесі – 6%

Қарыз мерзімі – 19 жылға дейін

Тұрғын үй – бастапқы немесе қайталама нарықтан

Жұмыс өтілі – 1 жылдан жоғары

Соңғы 5 жылда тұрғын үй болмауы қажет

 

Бағдарлама операторы: «Отбасы Банк» АҚ

Қосымша ақпарат: gu.energyzhkh.vko сайтында