Кездесу барысында тұрғындар аула абаттандыруы, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу және жер бөлу мәселелерін көтерді.
Әрбір өтінішке толық түсініктеме беріліп, жауапты бөлімдерге ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарау тапсырылды. Қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу үшін жұмыс ашық әрі жүйелі форматта жалғасады.