Құрметті өскемендіктер!

Құрметті өскемендіктер!

Конституция күні мен қала күніне орай бірқатар мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

26 тамыз, сағат 17:00 – Арбатта көше мәдениеті фестивалі;

27 тамыз:
• сағат 10:00-де, Қазақстан көшесі 159 мекенжайындағы «Гостиный двор» сауда кешенінде жергілікті тауар өндірушілердің «Өскемен өнімі» көрмесі;
• сағат 18:00-де, Тохтаров көшесі 47а мекенжайында (Жастар саябағы) классикалық музыка кеші «Жарқыраған оперетта сәті» өтеді;

28 тамыз:
• сағат 09:00-де, Ахмирово ауылында Қабанбай батыр ескерткіші алдында ұлттық спорт түрінен «Шырға тарту» жарысы;
• сағат 18:00-де, ДКМ алдындағы алаңда 90–2000 жылдар стиліндегі костюмді музыкалық кеш;

29 тамыз:
• сағат 17:00-де, Үлбі жағалауында – «Аналар шеруі»;
• сағат 18:00-де, Амфитеатрда – сәнді кеш «OSKEMEN QALAISYN».