2025 жылғы 18 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары және Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, «Шығыс жылу» Акционерлік қоғамы ұжымымен «Конфессияаралық және ұлтаралық саясат» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының нормалары түсіндіріліп, конфессияаралық және ұлтаралық саясат мәселелері талқыланды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, діни қызмет саласындағы білімдерін арттырды.