Өскемен қаласы әкімінің жаңа орынбасарын тағайындадым.
Шакиров Максат Асанұлы экономика жөніндегі сұрақтарға басшылық жасайтын болады.
Максат Асанұлы еңбек жолын банк саласында бастап, кейін бизнес құрылымдарында табысты қызмет атқарды. Өскемен қаласында бірқатар компанияларды басқарған, қаржы, экономика және құрылыс салаларында мол тәжірибе жинақтаған, үш жоғары білімі бар білікті маман.
Әр саладағы қызметінен жинақтаған тәжірибесі қаланың экономикалық дамуына жаңа сатыға жетелейтініне сенімдімін. Максат Асанұлына берекелі қызмет тілеймін!