Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу өтті

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу өтті

2025 жылғы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен «Дінаралық және ұлтаралық саясат» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының нормалары түсіндіріліп, дінаралық және ұлтаралық саясат мәселелері талқыланды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, діни қызмет саласындағы білімдерін арттыруға мүмкіндік алды.