Өскемен қаласы күніне орай өткізілетін «Өскеменге махаббатпен» атты үздік бейнеролик байқауының ережесі

Өскемен қаласы күніне орай өткізілетін  «Өскеменге махаббатпен» атты үздік бейнеролик байқауының ережесі
  1. Жалпы ережелер

Осы ереже 2025 жылғы 30 тамыз – Өскемен қаласының күніне орай ұйымдастырылатын «Өскеменге махаббатпен» атты бейнероликтер байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізудің мақсаттарын, шарттарын және тәртібін айқындайды.

Өскемен қаласының туған күніне орай видеографтар, мобилографтар және дрон-операторлар арасында шығармашылық бейнебайқау жарияланады. Қатысушылар Өскемен қаласына деген сүйіспеншілікті, қаламыздың сұлулығын және ерекше атмосферасын бейнелейтін қысқаметражды видеоролик түсіруі тиіс.

Байқаудың ұйымдастырушысы – «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
  • Қала тұрғындарының шығармашылық белсенділігін арттыру;
  • Өскемен қаласына деген сүйіспеншілікті насихаттау;
  • Қаланың көрікті жерлерін, тарихын, мәдениетін бейнероликтер арқылы таныту;
  • Қоғамдық санада оң бейне қалыптастыру.
  1. Байқауға қатысу шарттары:
  • Байқауға кез келген ниет білдіруші азамат қатыса алады (жасы, кәсібі шектелмейді);
  • Бейнероликтер «9:16» форматында және 4K сапада түсірілуі тиіс;
  • Роликтің ұзақтығы 1 минут 30 секундтан аспауы қажет;
  • Бейнероликтің тақырыбы: «Өскеменге махаббатпен»;
  • Ролик мазмұны қала өміріне, табиғатына, тарихына, дамуына арналуы тиіс;
  • Видеороликке әзілге толы сәттер, қызықты оқиғалар мен күлкілі ситуациялар қосу қошеметпен қарсы алынады.
  • Конкурсқа қатысушы міндетті түрде @akimatoskemen және @oskemen_sayasat instagram парақшаларына жазылған болуы тиіс.
  • Қабылдаудан өткен бейнеролик 26 тамыз күні бейнероликтің авторы өзінің жеке парақшасында @akimatoskemen парақшасын соавтор ретінде белгілеп, #СенКөрмегенӨскемен және #УстьКаменогорскДругимиГлазами хэштегтерімен жүктеуі қажет.
  • Плагиатқа жол берілмейді. Тек авторлық жұмыстар қабылданады.
  1. Жұмыстарды қабылдау тәртібі:
  • Бейнероликтер 2025 жылғы 15 тамыз бен 25 тамыз аралығында қабылданады;
  • Қатысушылар anuar.qairatuly@bk.ru электрондық поштасына арнайы өтініммен бірге бейнематериалды жіберуі қажет (өтінім үлгісі төменде көрсетілген);
  • Бір қатысушы бір ғана бейнеролик ұсына алады.
  • Тексерістен өтіп, қабылданған бейнероликтердің авторларына «Қабылданды» деген хабарлама жолданатын болады.
  1. Байқау жеңімпаздарын марапаттау:
  • Байқау жеңімпаздары 30 тамыз қала күніне орай ресми түрде анықталып, марапатталады.
  • Ең көп лүпіл жинаған бейнеролик жеңімпаз деп танылады.
  • Жалған белсенділік\лүпілдер жинауға және басқа парақшалармен соавторлыққа салуға жол берілмейді.

Ең үздік видео гала-концерт сахнасында көрсетіледі.

Жүлде қоры:

І орын – 300 000 теңге

ІІ орын – 200 000 теңге

ІІІ орын – 100 000 теңге

  1. Қосымша шарттар:
  • Үздік деп танылған бейнероликтер Өскемен қаласы әкімдігінің және ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланады;
  • Ұйымдастырушы байқауға ұсынылған жұмыстарды әлеуметтік мақсаттарда пайдалану құқығын өзінде қалдырады.

7. Өтінім үлгісі:
(өтінім мәтіні электрондық хатта көрсетілуі тиіс)
Т.А.Ә:
Туған жылы:
Байланыс телефоны:
Электрондық пошта:
Бейнероликтің қысқаша сипаттамасы:
Авторлық құқыққа қатысты растау: Мен ұсынып отырған бейнероликтің авторымын және үшінші тараптардың авторлық құқықтарын бұзбайтынымды растаймын.