Балық аулаушылар мен аңшыларға арналған ескертулер

Балық аулаушылар мен аңшыларға арналған ескертулер

Күз маусымы және суда жүретін жабайы құстарға аңшылық пен балық аулау басталысымен әуесқойлар жеке қауіпсіздігіне немқұрайлы қарап шығып кетеді. Қала ТЖ басқармасы мамандары жолға өзімен бірге компас, сіріңке, біраз су қоры мен азық-түлікті алуды ескертеді. Осы кезде ауа-райын да болжап болмайды, сондықтан алдағы күннің ауа-райымен міндетті түрде танысыңыздар. Суда жүретін жабайы құстарға аңшылық кезінде көптеген адамдар ұстап алу үшін өзімен бірге резеңке қайық алады, алайда суайдындарда  су қата бастайтындығын ескеру керек, сондықтан қолданған кезде қоршаған орта жағдайына аса мұқият болу керек. Үшкір заттар, тек қайықтың ғана емес, мотордың бүтіндігін де  бұзып кетуі мүмкін. Қайық жүріп бара жатқанда, әсіресе ол моторлы болса түрегеп тұруға болмайды, бұрылыстарда жылдамдықты азайту қажет. Қозғалыс жолындағы барлық жүзіп жүрген заттарды айналып өту қажет. Әрқашанда ауыстыратын жылы киім алыңыздар. Алдын ала ұялы телефоныңыздың балансын толтырыңыз, сонымен қатар батарея қуатын тексеріңіз.

Егерде сіз қалайда адасып кетсеңіз: ешқашанда үрейленбеңіз, егерде мүмкіндік болса дыбыс шыққан жаққа қарай жүріңіз – биік ағашқа шығып, айналаны қараңыз.

Әрбір балық аулаушыда 12-15 метр ұзындықтағы шнур түрінде құтқару құралының болу керектігі, бір ұшына салмағы 400-500 грамм  болатын жүк бекітіп, екінші шетіне ілмек жасап алу ұсынылады.

Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда, 101, 112 телефоны бойынша қоңырау шалыңыздар.

Өскемен қаласының ТЖБ ақпараты