2025 жылғы 7 тамызда Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығының сарапшысы Жакиянов Дулат Жәрдемқұлұлы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері мен оқытушыларымен "Конфессияаралық және ұлтаралық саясат" тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының нормалары түсіндіріліп, конфессияаралық және ұлтаралық саясат мәселелері талқыланды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алып, діни қызмет саласындағы білімдерін арттыра алды.