Қоғамдық тыңдаулар қоғамдық талқылау түрінде өтеді

Қоғамдық тыңдаулар қоғамдық талқылау түрінде өтеді

2025 жылғы 29 шілдеден бастап 5 жұмыс күні ішінде «Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы Серікбаев көшесі мен 30-гвардиялық дивизия арасындағы Назарбаев даңғылы бойындағы учаскедегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қайта жаңғырту» жұмыс жобасы бойынша қоғамдық талқылау нысанында қоғамдық тыңдаулар өтеді.

Тұтынушы:«Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, БСН050140000903, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, тел. 8-7232-26-40-58.

Жобалау құжаттамасын әзірлеуші: «ЛИТЕРА 3» Қазақстан жобалау инжинирингалық орталығы» ЖШС, БСН 030240007792, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Доватора көшесі, 7/1, тел.8 (705) 454-06-04, e-mail:vakhraneva.an@yandex.ru.

Жергілікті атқарушы орган:«Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19, тел. 8 (7232) 25-72-06, e-mail:g.zhunisbekova@akimvko.gov.kz .

Жобалық құжаттама пакетін: Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі ndbecology.gov.kz сайтынан және Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтынан табуға болады «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде. Қосымша ақпаратты жобалау құжаттамасын әзірлеушіден сұрау бойынша алуға болады.