«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметі Өскемен қалалық маслихатының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 10/8-VII «Өскемен қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне сәйкес, мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде ата-анасының біреуіне беріледі.
Бұл төлем өтініш берілген айдан бастап анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейінгі оқу жылы көлемінде жүргізіледі.
Төлем мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға айына алты айлық есептік көрсеткіштіті құрайды.
Өтініштерді қабылдау Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған Үкімет» КЕАҚ арқылы және проактивті түрде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжат,
- баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама,
- неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік;
- балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат,
- туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер,
- тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, - - оқу орнынан мүгедектігі бар баланың үйде оқитындығын растайтын анықтама,
- дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы,
- банктік шоттың нөмірі,
- мүгедектігі туралы анықтама.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші ақпараттық жүйеде жоқ құжаттарды тіркейді.
Туындаған сұрақтар бойынша Шәкәрім даңғылы 149/10 мекенжайы бойынша орналасқан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 19 кабинет, байланыс телефоны 208-556 бойынша хабарласуға болады.