Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып мобильді туризм статистикасын енгізді

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып мобильді туризм статистикасын енгізді

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы шілдеге дейінгі аралықта бір ұялы байланыс операторының мәліметтері негізінде инновациялық жобаны іске қосты. Бұл – ТМД кеңістігінде туристердің нақты қозғалысын, соның ішінде қысқа мерзімді сапарлар мен түнемей жасалатын сапарларды да бақылауға мүмкіндік беретін алғашқы тәжірибе.

Бұрынғы әдістер туристік ағымды толық көрсете алмаған: зерттеу нәтижесінде сапарлардың 60%-дан астамы бір күндік екені анықталды. Жаз мезгілінде және мереке күндері туристік белсенділік шарықтау шегіне жетеді. Сонымен қатар, Астанадан жиі баратын бағыттар – Ақмола облысы мен Алматы қаласы.

Бұл тәсіл туристік саясатты жоспарлау, инфрақұрылымды дамыту және экономикалық талдау үшін нақты деректер береді. Перспективалы өңірлерге бағытталған инвестициялар мен жаңа мүмкіндіктер жайлы консалтингтік есептер әзірленіп жатыр.