Өскеменде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бірлесіп орындаудан басталды. Жиналған қауымның барлығы бір мезетте әнұранды айтып, патриоттық рухты сезінді.
Шараның маңызын арттырған ерекше сәт – дәл осы күні жас мемлекеттік қызметшілердің Отанға адал болуға ант беруі болды. Салтанатты жағдайда жаңадан қабылданған қызметкерлер салтанатты түрде ант беріп, аймақтың мемлекеттік қызметшілері қатарына ресми түрде қабылданды. Рәсім соңында оларға қызметтік куәліктер табысталды.