Өскеменде «7 Керемет» атты отбасылық фестиваль өтті

Өскеменде «7 Керемет» атты отбасылық фестиваль өтті

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Өскемен қаласының Сол жағалау кешенінде жарқын әрі есте қаларлық отбасылық фестиваль ұйымдастырылды. «7 Керемет» атауымен өткен бұл шара қала тұрғындары мен облыс қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлап, бүлдіршіндерге мерекелік тарту болды.

Фестиваль аясында жеті түрлі тақырыптық аймақ жұмыс істеді. Онда балалар мен ата-аналар танымдық ойындарға қатысып, спорттық эстафеталарда бақ сынап, шеберлік сағаттарынан жаңа дүниелер үйренді. Сондай-ақ, ашық аспан астындағы би байқауы кішкентай өнерпаздардың сахнадағы шеберлігін паш етті.

Мерекелік кештің шырайын кіргізген – түрлі-түсті кейіпкерлер мен алып қуыршақтар. Балалармен бірге билеп, ойын ойнаған аниматорлар кішкентай қонақтардың көңілін көтерсе, косплей кейіпкерлері мерекеге қиял әлемінен әдемі бояу қосты.