
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ербол Бекмұхамбетовтың мәлімдеуінше, пилоттық жобаның бірінші кезеңі тіркелген халқы 30 мыңнан кем емес медициналық ұйымдарда өтеді, ал екінші кезең — онкоорталықтарда жүзеге асады. Сонымен қатар, жаңа скринингтік тесттер — АПВ (адам папилломасы вирусы), маммография және ферментті гемокульт-тест сынақтан өткізілуде.
«2028 жылға дейін онкоскринингпен қамтылатын нысаналы топтардың үлесін 90%-ға жеткізу жоспарлануда, бұл тегін қолжетімділікті кеңейту арқылы іске асады», — делінген хабарламада.
Жыл сайын шамамен 2,8 миллион адам онкоскринингтен өтеді. Соның арқасында қатерлі ісіктің 2800-ден астам жағдайы, негізінен ерте кезеңінде, анықталады.
Соңғы 10 жылда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі 33%-ға төмендеген.