Өскеменде аула командалары арасында мини-футболдан турнир өтті

Өскеменде аула командалары арасында мини-футболдан турнир өтті

Өскемен қаласында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қалалық әкімдіктің қолдауымен аула командалары арасында мини-футболдан турнир өтті. 27-31 мамыр аралығында бес күнге созылған жарыста 2011–2013 жылдары туған жас футболшылар алаңда мықтыны анықтады.

Турнирге барлығы 18 команда қатысты. Қорытынды бойынша «Жастар» командасы бірінші орынды, «Самал» екінші орынды, ал «Алтай» командасы үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар және естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, аула футболын одан әрі дамыту мақсатында қала әкімдігі қатысушы командаларға футбол доптары мен торлар жиынтығын сыйға тартты.