29–30 МАМЫР
Сіздерді өнер, би және шығармашылыққа толы ерекше мереке күтеді!
29 мамыр күні сағат 11:00-де Меновое ауылында (Новая көшесі, 15), ал сағат 14:00-де Ново-Явленка ауылында (Садовая көшесі, 15) аниматорлар қатысатын концерттік мерекелік бағдарламалар өтеді.
29–30 мамыр күндері сағат 08:30-да Космическая көшесі, 6/2 мекенжайында Балаларды қорғау күні мен Амиржан Рамазановты еске алуға арналған ашық қалалық тоғызқұмалақ турнирі өтеді.
30 мамыр күні сағат 16:00-де Аблакетка ықшамауданында (Островский көшесі, 20/1) аниматорлар қатысатын мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.
Балалар мен ата-аналарды көтеріңкі көңіл күй мен шабыт күтеді!
Келіңіздер, бірге бұл күнді ерекше етіп өткізейік!