«Жастар және құқықтық тәртіп»

«Жастар және құқықтық тәртіп»

Бүгін Өскемен жоғары медициналық колледжінде «Жастар және құқықтық тәртіп» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастарды жауапкершілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында студенттер құқық қорғау саласының мамандарымен ашық диалог жүргізіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.