Сіздерді әр сенбі сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!
Өтетін орны: Достық үйі маңындағы алаң (Н. Назарбаев даңғылы, 68)
Күні: 24 мамыр
Уақыты: 08:00–15:00
Жәрмеңкеде Өскемен қаласы мен жақын маңдағы аудандардың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.
Сүт және ет өнімдері, шұжықтар, бал, көкөністер мен жемістер – барлығы да жаңа әрі сапалы!