Бүгін қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлық аясында «ҮМЗ» АҚ қызметкерлері Өскемен қаласында сенбілік өткізді.
Тазалық жұмыстары Ертіс өзенінің саласы бойында – Новаторлар көшесінен бастап Акимат пен Мешітке дейін, сондай-ақ Пермитин көшесі бойында жүргізілді.
Нәтижесінде 70 қап қоқыс жиналды!
Зауыт ұжымына азаматтық белсенділігі мен қаламыздың тазалығына қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!
Барша қала тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарап, тазалықты бірге сақтауға шақырамыз!