2025 жылдың 24 мамыр күні сағат 8-00 ден бастап Өскемен қаласында Жібек жолы көшесі 44 мекенжайы бойынша «Алтай» сауда орталығында Үлкен Нарын ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде сиыр еті, қой еті, жылқы етімен қатар, күнбағыс майы, бал, сүт өнімдері, ұсынылады.
Сондай ақ мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасы қойылып, ұлттық спорттық ойындардардан жарыстар өтеді.
Барлықтарыңызды «Алтай» сауда орталығында күтеміз!