Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышовтың Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтауы

Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышовтың Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтауы

Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышовтың Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтауы:
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер рухани құндылықтарды сақтап, қоғамның мәдени деңгейін көтеріп, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келесіздер.

Өз істеріңізге деген шынайы сүйіспеншілік пен талмай еткен еңбектеріңіздің арқасында халқымыздың бай мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, елдің рухани дамуына жол ашылады.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілеймін!

Құрметпен, Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышов