Марқакөл ауданының әкімі Қытайдағы халықаралық конференция жұмысына қатысуда

Марқакөл ауданының әкімі Қытайдағы халықаралық конференция жұмысына қатысуда

8-10 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасында өтіп жатқан «Ұлы Алтай – 2026» халықаралық субөңірлік ынтымақтастық конференциясына қатысу үшін жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында Марқакөл ауданының әкімі Кемешев Рүстембек Набиолдаұлы да бар.

Жұмыс сапары аясында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының басшылығы және іскер топ өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Қытайдың шекаралас өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және туризм салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Кездесулердің маңызды бағыттарының бірі – Қытайдағы Қанас көлі мен Шығыс Қазақстандағы Марқакөл көлін байланыстыратын «Қанас – Марқакөл» халықаралық туристік дәлізін құру жобасы болды. Бұл бастама халықаралық деңгейдегі жаңа туристік бағыт қалыптастырып, шекаралас аумақтардың туристік әлеуетін арттыруға және өңірлердің туризм саласының дамуына тың серпін беруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тараптар көлік инфрақұрылымын дамыту, жаңа әуе бағыттарын ашуды жоспарлады.