
Марқакөл ауданында ауылдық округ әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері ұйымдастырылды. Кездесулер барысында әкімдер 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы баяндады.
Есеп беру жиындарында әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымды жақсарту, жол, ауыз су, жарықтандыру, абаттандыру және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар кеңінен сөз болды.
Сондай-ақ тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, оларды шешу жолдары талқыланды. Кездесулер ашық форматта өтіп, халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы кері байланыс нығая түсті.