Астана қаласында өткен Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Марқакөл ауданының шаруалары елордалықтарды сапалы, табиғи өнімдерімен қуантты.
Экологиялық таза бал, ет, сүт өнімдері жоғары сұранысқа ие болып, марқакөлдік өнімдерге деген сенім мен сұраныстың жоғары екенін көрсетті.
Бұл жәрмеңке – тек сауда алаңы ғана емес, ауыл шаруашылығының әлеуетін, ауыл еңбеккерлерінің еңбегін елге танытатын үлкен мүмкіндік.
Марқакөл жерінің дархан табиғаты мен еңбекқор халқының арқасында өндірілген өнімдер сапасымен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, ауданымыздың өнерпаздары келушілерге әсем әндерін арнап, ұлттық рух пен мерекелік көңіл-күй сыйлады. Көрермендер қошеметпен қарсы алып, марқакөлдік өнерге де, өнімге де жоғары баға берді.
Барша ұйымдастырушыларға, ауыл еңбеккерлеріне және өнерпаздарымызға алғысымызды білдіреміз!
Ауыл – елдің алтын тірегі. Ауыл шаруашылығын қолдайық, табиғи өнім тұтынайық!