Марқакөл ауданында әкімдік мәжілісі өтті

Марқакөл ауданында әкімдік мәжілісі өтті

16 қыркүйек 2025 жыл
 Марқакөл ауылы, аудан әкімі аппаратының ғимараты

          Аудан әкімі Рүстембек Набиолдаұлы Кемешевтің төрағалығымен өткен мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы Мамырбек Жәлімханұлы Қалелов, бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде:
• Аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы;
• Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Жол картасының іске асырылуы және жер қатынастары;
• Қысқы маусымға аудандық маңызы бар жолдардың дайындық барысы.

          Жиын соңында аудан әкімі:
• мектептердің санитариялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуді;
• ауыл шаруашылығы Жол картасындағы іс-шараларды уақытылы орындауды;
• қысқы маусымға тұрғындар мен жолдардың толық дайын болуын қадағалауды тапсырды.